2016 жылғы 22 маусым, Астана қаласы
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды
есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10347 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты орындау үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж.АСАНОВ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы №113 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды
есепке алуды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында деректер банкін жүргізу арқылы жүзеге асырады.
3. Өз өкілеттіктері шегінде Заң талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органдарына (бұдан әрі – аумақтық органдар) ақпараттық есепке алу құжаттарын уақытылы ұсынады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған барлық мемлекеттік қызметкерлер есепке алуға жатады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған
адамдарды есепке алуды жүргізудің тәртібі
5. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке қоюға олардың Заңның 50-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактісі, сонымен қатар адамды жауаптылыққа тарту туралы мемлекеттік орган басшысы (лауазымды тұлға) актісінің немесе мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарауға уәкілетті тиісті комиссиялардың шешімдерінің болуы негіз болады.
6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (оларды алмастырушы тұлғалар) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін адамды жауаптылыққа тарту дерегі бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы акті (шешім) шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамды есепке алу карточкасын бір данада, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес №1-ДП нысанын (бұдан әрі – карточка), міндетті түрде тәртіптік жаза қолданғаны туралы растаушы құжаттардың көшірмелері мен тартылған адамның жеке куәлігінің көшірмесін қоса отырып аумақтық органдарға жолдайды.
7. Қызметі әскери немесе көліктік прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар карточканы, тиісінше, Комитеттің әскери немесе аумақтық көліктік басқармасына жолдайды.
8. Карточканың деректемелерінде келесі ақпарат толтырылады:
1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адам жұмыс істейтін немесе одан шығарылған органның атауы;
2) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактісін анықтаған мемлекеттік органның атауы;
3) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адамның ведомстволық тиесілігі;
4) жасалған тәртіптік теріс қылықтың қысқаша фабуласы (нақты мазмұны болуы, сөздердің қысқартылуына және Заң бабының нөмірін немесе оның атауын ғана енгізуге жол берілмейді);
5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтың Заң нормаларына сәйкес саралануы;
6) тәртіптік жаза қолдану туралы актінің (шешімнің) нөмірі, шығарылған күні, тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы актіні шығарған тұлғаның ТАӘ (әкесінің аты болған жағдайда) және лауазымы;
7) қолданылған жаза шарасы;
8), 9), 10), 11) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықты жасаған адамның анықтамалық деректері;
12), 13) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықты жасаған адамның жұмыс орны мен лауазымы.
9. Карточкаға мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адам жұмыс істейтін немесе одан шығарылған органның басшысы және кадр қызметінің жауапты тұлғасы (оларды алмастырушы тұлғалар) қол қоюы тиіс. Басшы мен жауапты тұлға өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнін көрсетеді.
10. Карточканың деректемелері баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен, өшірусіз және түзетулерсіз немесе баспа тәсілімен толтырылады. Есепке алуға жататын адамның тегі, аты және әкесінің аты бас әріптермен енгізіледі. Оның жұмыс орны және лауазымы, сондай-ақ органның атауы қысқартусыз енгізіледі.
11. Толтырылғаннан кейін карточка ресми ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады. Оған қол қойған адам Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін жауапты болады.
12. Аумақтық органға карточкалардың қағаз нұсқасы келіп түскеннен кейін, аумақтық органның қызметкері міндетті түрде карточканың, растайтын құжаттардың және жеке куәлігінің графикалық көшірмесін сала отырып, 2 жұмыс күні ішінде деректемелердің дұрыс және толық толтырылуын тексереді және деректер банкіне карточканы енгізуді жүзеге асырады.
Енгізілгеннен кейін, карточка және растаушы құжаттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте аумақтық органда сақтауға жатады.
13. Осы Қағидалардың талаптары бұзылып толтырылған толық емес және дұрыс емес мәліметтері бар немесе белгіленбеген үлгідегі бланкілердегі карточкалар тіркелмейді және келіп түскеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде оларды қойған органға кемшіліктерді жою үшін кері қайтаруға жатады.
Келіп түскеннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған карточкалар аумақтық органға есепке қою үшін қайта жолдауға жатады.
14. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адамдар туралы мәліметтер, жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылған адамдар туралы мәліметтерді қоспағанда, жаза қолданылған сәттен бастап үш жыл ішінде сақтауға жатады.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдар туралы мәліметтер тұрақты түрде сақталады.
15. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін адамды жауаптылыққа тарту туралы шешім өзгертілген немесе күшін жойған жағдайда, кадр қызметі (оларды алмастырушы тұлғалар) үш жұмыс күні ішінде аумақтық органға екі данада осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, осы факті бойынша мөрмен расталған хабарламаны, оған қоса растаушы материалдарды екі данада жолдайды, сонымен қатар оны анықтаған органға хабарлайды.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін адамды жауаптылыққа тарту туралы шешімнің өзгеруін немесе күшін жоюын растайтын материалдың бір данасын және хабарламаның бір данасын аумақтық орган Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзетулер енгізуіне негіз болады.
Хабарлама мен материалдардың қағаз даналары келіп түскеннен кейін, осы есепке алуды жүргізуге жауапты Комитет қызметкері 1 жұмыс күні ішінде түзетуді жүргізеді.
3-тарау. Есепке жатқызу негіздері
16. Есепке алу бойынша тексеруге мемлекеттік қызметке кіруге үміткер, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес адамға қатысты өзге де тексеру іс-шараларын жүргізген кездегі барлық адамдар жатады.
Бланкілердің нысандары, оларды толтыру және есепке алулар бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімдері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі №71-бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидаларында белгіленгенмен бірдей.
Адамдар туралы ақпаратты сұрату ақпараттық сервис арқылы Комитеттің «Жеке тұлғаға талап» порталында жүзеге асырылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін осы порталда тіркеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мәліметтерді алу әрбір тексеруші тұлғаға жеке ресімделген талапты Комитетке және оның аумақтық органына жолдау арқылы жүргізіледі.
17. Анықтамалық деректерін өзгерткен азаматтар туралы ішкі істер органдарынан келіп түскен мәліметтерді аумақтық органдардың қызметкерлері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алу бойынша тексереді.
Сауалнамалық деректерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер болған жағдайда, деректер қорында «өзге де сауалнамалық деректемелері бар» белгісі қойылып, тиісті деректер көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған
адамдарды есепке алу карточкасы
(№1-ДП нысанды)
1. ______________________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адам жұмыс істейтін
немесе одан шығарылған органның атауы)
2. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықты жасау фактісін анықтаған мемлекеттік орган
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(органның атауы)
3. Жасады: әкім (01), сот органдарының қызметкері (03);
құқық қорғау органдарының қызметкері: прокуратура (05), ішкі істер (06), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (48), экономикалық тергеп-тексеру қызметтері (47);
арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері: ҰҚК (11), мемлекеттік күзет қызметі (49), «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (50);
органдар қызметкері-әскери қызметші: ҚМ (12), ҰҚК шекара қызметі (14), әскери прокуратура (51), мемлекеттік күзет қызметі (52),Ұлттық ұлан (15), әскери полиция (53), әскери контрбарлау (57);
министрліктер қызметшісі: әділет (16), қаржы (17), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылық (20), сыртқы істер (21), мәдениет және спорт (28), ұлттық экономика (54), инвестициялар және даму жөніндегі (55), денсаулық сақтау және әлеуметтік даму (23), энергетика (56), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі (35), ақпарат және коммуникация (36); әкімдік және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметшісі (41); өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметшісі (42).
4. Жасалған тәртіптік теріс қылықтың қысқаша фабуласы ______________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтың саралануы ___ тармағы ___тармақшасы.
6. «____»_______ 20__ жылғы № ____ тәртіптік жаза қолдану туралы акті (шешім).
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы актіні шығарған тұлғаның ТАӘ
(әкесінің аты болған жағдайда) және лауазымы)
7. Жаза шарасы қолданылды: лауазымынан босату (01), лауазымынан төмендету (02), қызметке толық емес сәйкестігі туралы ескерту (03).
8. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған адам туралы мәліметтер
ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ (бар болса)
9. Туған күні «____» _______________ _____ ж. ЖСН /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
10. Туған жері ___________________________________________________________________
11. Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы______________________________________________
12. Жұмыс орны _________________________________________________________________
13. Лауазымы ___________________________________________________________________
14. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы ______________________________
________________________________________________________________________________
15. Толтыру күні «____» _________________ 20____ ж.
16. Басшысының тегі, қолы ________________________________________________________
17. Аумақтық органда тіркелген күні «__» ___________ 20__ ж. Материалдың № __________
18. Карточканы тіркеген аумақтық орган қызметкерінің лауазымы, тегі, қолы ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Көшірме: ___________________________________________ облысының аумақтық органына
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін адамды жауаптылыққа тарту туралы шешімді өзгерту (күшін жою) туралы
ХАБАРЛАМА
1. Тегі __________________________________________________________________________
1.1 Аты _________________________________________________________________________
1.2 Әкесінің аты (болған жағдайда)__________________________________________________
1.3 Туған күні «____» _________________ _____ ж.
2. Қолданылған жауаптылық шарасы туралы мәліметтер_______________________________
_______________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(жауаптылыққа тарту негізін, түрін және күнін көрсету)
3. Қабылданған шешімді өзгерту (күшін жою) туралы мәліметтер:_______________________
______________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(қабылданған шешімді өзгерту (күшін жою) туралы шешімнің негізін және қабылданған күнін көрсету)
4. Шешім қабылдаған органның атауы: ______________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Хабарламаны құрған адамның лауазымы, тегі және қолы _____________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Құрастыру күні «___» __________ 20__ ж. МО
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13977 болып енгізілді.